» » Даниал Ахметов мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы ойын алаңдары жасалынатынын айтты

Даниал Ахметов мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы ойын алаңдары жасалынатынын айтты

Даниал Ахметов мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы ойын алаңдары жасалынатынын айтты 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың көктемінде Өскемен және Семей қалаларының демалыс орындары мен саябақтары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңдарымен жабдықталады.  

Аймақ басшысы Даниал Ахметов тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде 2016 жылдың көктемінен бастап, ойын алаңдары қайта жабдықталатынын атап өтті. Д.Ахметов ерекше күтімді қажет балалар құрбы-құрдастарымен еркін қарым-қатынас жасай алуы керек. Бұл үшін барлық мүмкіндік жасалуы қажет.

- Біз абаттандыру және көгалдандыру мәселелеріне тоқталған кезде тек қоғамның бір санатын ғана ойлаймыз. Өзге, яғни физикалық қабілеті жетілмеген балалар жайлы неге ойланбаймыз? Ешбір қала мен ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, өз құрдастарымен қатар ойнайтын ойын алаңдары жоқ. Бірінші болып бұл міндетті Өскемен мен Семей қалаларының әкімдері жүзеге асырады, - деді Даниал Ахметов.

Бұл шешім мүмкіндігі шектеулі балаларға еш кедергісіз қоғам орнатудың қажеттілігінен туындап отыр. Әрбір қала, аудан, ірі елді мекендердің әкімдеріне саябақтар мен демалыс орындарында арнайы ойын алаңдарын орнату тапсырылды.

Атап өтсек, облыста аталған балалар тобына арнайы жағдай жасау жұмыстары жүрзіліп жатыр. 2016 жылдың қыркүйек айында ойлау қабілеті сақталған, есту, көру, қимыл-қозғалысы нашар балаларға арналған пансионат құрылысы аяқталады.

02 наурыз 2016 ж., 19:30 1 591
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам