» » Қазақстан ЕАЭО елдеріне фармацевтикалық өнімнің экспортын жылына 360 млн. долларға жеткізбек

Қазақстан ЕАЭО елдеріне фармацевтикалық өнімнің экспортын жылына 360 млн. долларға жеткізбек

Қазақстан ЕАЭО елдеріне фармацевтикалық өнімнің экспортын жылына 360 млн. долларға жеткізбек 

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстанныңфармацевтикалық кәсіпорындары ортақ фармацевтикалық нарықтың құрылуына байланыстыЕАЭО елдеріне бағытталатын экспорттың көлемін жылына 360 млн. долларға жеткізуді жоспарлап отыр.Бұл туралы бүгін ҚР ҰЭМ Халықаралық экономикалық ықпалдастық департаментінің директоры Ернар Бәкенов мәлім етті.

"Бір жыл бұрын ең үздік xалықаралық тәжірибелердің негізінде ортақ фармацевтикалық нарықты құру бойынша негізгі келісімдерге қол қойылды. Ол жақын арада күшіне енеді және 2016 жылы ЕАЭО елдерінің ортақ фармацевтикалық нарығы жұмыс істей бастайды деп топшылап отырмыз", - деді ол тілшілерге берген сұxбатында.

Бұл өз кезегінде отандық тұтынушылар үшін ауқымды және сапалы өнімдердің ассортиментіне қол жеткізуге септігін тигізеді, деп есептейді Е. Бәкенов.

"Қазақстанда фармацевтикалық өнім шығарушыларға едәуір инвестициялар бағытталды. Соңғы екі жылда бұл салаға 20 млрд. теңгеден астам қаражат құйылды. Қазақстанныңфармацевтикалық кәсіпорындары ортақ фармацевтикалық нарықтың құрылуына байланыстыЕАЭО елдеріне бағытталатын экспорттың көлемін жылына 360 млн. долларға жеткізуді жоспарлап отыр", - деп атап өтті департамент басшысы.

 
http://www.kazinform.kz/kaz/article/2876164
02 наурыз 2016 ж., 19:33 1 380
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам