» » ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ КӨП БЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛЫНДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ КӨП БЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛЫНДЫ


Ағымдағы жылдың 28–29 қараша күндері Қазалы көп бейінді орталық ауруханасында жүрек ырғағының бұзылыстары бойынша алғаш рет аритмологиялық жоғары мамандандырылған оталар жасалынып, оқу-шеберлік тәжірибе жүргізілді. Күрделі отаға Алматы қаласының  N7 қалалық клиникалық ауруханасының интервенционды аритмолог дәрігері,  MD, PhD. дәрігер Ергешов Қанат Алдабергенұлы және Облыстық медицина орталығының облыс бойынша штаттан тыс аритмолог дәрігері Лепесов Нұрболат Мылтықбайұлы арнайы шақыртылып, тәжірибе алмасты.
Бұл бастама жүрек ырғағы бұзылыстары бар науқастарға жоғары мамандандырылған көмекті өңірлік деңгейде көрсетуге бағытталып отыр.
Шебер-класс  барысында жүрек аритмияларын заманауи диагностикалау,  интервенциялық емдеу әдістері жүзеге асты. Атап айтқанда, жүректің ауыр брадикардиясы мен өткізгіштік бұзылыстарында қолданылатын  электрокардиостимулятор имплантациясы, жүрек ішіндегі артық электрлік ошақтарды жою арқылы тахиаритмияларды емдеу тәсілі, радиожиілік абляция және пароксизмалды жүрекшелер фибрилляциясы кезінде қолданылатын заманауи әрі тиімді әдіс өкпе веналарының криоабляциясы бойынша оталары жүргізілді. Айта кету керек, бұл жоғары мамандандырылған ота Республика бойынша аудандар арасында алғаш рет Қазалы ауданында жасалынып отыр.
Қазіргі таңда пациенттердің жағдайы тұрақты.
11 желтоқсан 2025 ж., 16:46 41
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам