БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ
Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының мәжіліс залында жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық екпеден бас тартқан ата-аналармен маңызды кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жұқпалы ауруларға қарсы вакцинадан бас тартқан жағдайда кездесетін қауіп-қатердің алдын алу және ата-аналарға дұрыс бағыт-бағдар беру.
Жиынды Бас дәрігердің БМСК жөніндегі орынбасары Сейілхан Жақыпбекұлы Артықбаев кіріспе сөзбен ашып, екпенің қоғам саулығы үшін маңызына тоқталды.
Кездесу барысында аурухананың иммунолог-дәрігері Айнагүл Имбетова «Екпеден бас тартудың салдары» тақырыбында баяндама жасап, медициналық тұрғыдан түсіндірме берді.
Қазалы аудандық орталық Жанқожа мешітінің имамы Бахтияр Саламатов пен Қазалы аудандық қоғамдық даму орталығының теолог маманы Дәулет Жарылқасын қатысып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Басқосу еркін пікір алмасу форматында өтті. Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, мамандардан тұшымды жауаптар алды.
Балаларымыздың болашағы мен денсаулығы өз қолымызда! Дерттің алдын алу — әрбір ата-ананың жауапкершілігі.








