5 айда 150 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Бүгінгі таңда медициналық қызмет алу үдерісі жылдан жылға жеңілдеп, цифрлық форматқа көшіп келеді. Қазалы аудандық емханасы бойынша 2026 жылдың 5 айында тұрғындарға барлығы 150 667 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңдегі маңызды бағыттарға тоқталып өтсек, дәрігер қабылдауына жазылу – 107 461 қызмет. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеп, кезексіз қызмет алуына жағдай жасайды. Еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамалар заңды түрде рәсімделді. Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмек шеңберінде ауруханаға жатуға жолдамалар берілді.
697 азамат алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өтті, ал 220 жүргізуші көлік басқаруға рұқсат анықтамасын алды.
Біз әрбір мемлекеттік қызметтің ашық, сапалы әрі заң аясында жылдам көрсетілуін тұрақты бақылауда ұстаймыз.
Емхана қызметін электронды түрде (eGov немесе Damumed қолданбалары арқылы) белсенді пайдалануға шақырамыз!