» » Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.Мерекелік шараға ел ағалары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, аудан медицинасының бүгінгі жетістігі мен салаға көрсетіліп жатқан қолдаулар жайында сөз қозғады.
-Денсаулық — адам баласының баға жетпес байлығы, ал оны сақтау жолында қызмет ету — үлкен жауапкершілік пен асқан жанашырлықты талап ететін абыройлы міндет. Бүгін Ақордада Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы медицина саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімінде -«Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деген тағылымды сөзге ерекше мән берген. Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады», - деген болатын. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен және облысты төрт жылдан астам уақыт басқарған ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен ауданымызда денсаулық сақтау саласын дамытуға, медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асырылды. Соңғы төрт жылда ауданның денсаулық сақтау саласына барлығы 2,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйіткілді мәселелер шешімін табуда. Ауданға қарасты Бозкөл, Кәукей және Абай ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 3 бірдей дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілсе, Жалпақ және Жұбан елді мекендерінде жаңа медициналық бекеттер ашылды. «Бекарыстан би» және «Болат жолы» дәрігерлік амбулаторияларының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, медициналық нысандардың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Елді мекендердегі денсаулық сақтау ұйымдарына 26 дана жедел жәрдем автокөлігі табысталып, ауданда санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі толыққанды шешілді. Аудандық көп бейінді орталық аурухананың жанынан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құны 1,9 млрд теңге болатын, 42 төсектік кардиология және инсульт орталығы іске қосылды. Аталған орталыққа биыл ақпан айында заманауи компьютерлік томография аппараты жұмыс жасайтын жаңа кабинет ашылып, құны 326,6 млн теңге болатын компьютерлік томограф аппараты іске қосылды. Биыл орталыққа заманауи МРТ медициналық құрылғысын орнату жоспарланып отыр. Жыл басынан бері ауданымызда 416 сәби дүниеге келді. Өткен жылдан бері Қазалы көп бейінді орталық ауруханасында жүрек ырғағының бұзылыстары бойынша аритмологиялық жоғары мамандандырылған оталар алғаш рет жасала бастады. Алдағы уақытта да облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының қолдауымен халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жобалар мен медицина саласындағы ең маңызды мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз, -деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Мерекелік шарада қажыры мен қайратын, білімі мен біліктілігін ұлт саулығына арнаған медицина қызметкерлері марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда – сала үздіктеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы», облыс әкімі мен аудан әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Алғыс хаттары, Қазалы ауданы мен денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамоталары» табысталды.
Мерекелік іс-шарада дәрігерлер әріптестеріне деген жүрекжарды тілегін әнмен жеткізсе, ал, аудан өнерпаздары медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап ән шырқап, мерекелік ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шарада медицина саласының ардагерлері де назардан тыс қалмай, оларға аудан әкімінің мерекелік сый-сияпаттары ұсынылды.
18 маусым 2026 ж., 18:30 4
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам