» » Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы

Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы

Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасында 1–7 тамыз аралығында Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы аясында ана мен бала денсаулығын нығайтуға бағытталған бірқатар ақпараттық-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Апталықтың алғашқы күні емдеу-профилактикалық ұйымдарда халық арасында, әсіресе жүкті әйелдер мен жас аналарға, ана сүтімен қоректендірудің маңыздылығы түсіндіріліп, семинарлар өткізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – ана сүтімен емізуді насихаттау, сәби денсаулығын нығайту, нәресте өлімінің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Екінші күні «Жасанды сүт қоспасы ана сүтінің құрамын толықтай алмастыра алмайды» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында ана сүтінің бірегей биологиялық құрамы, оның иммундық қорғаныс қасиеттері және нәрестенің дұрыс өсіп-жетілуіндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы 6 айда баланы тек ана сүтімен тамақтандыру жөніндегі ұсынымдары таныстырылды.
Үшінші күні жүкті әйелдер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған «Ана сүтімен емізу – денсаулық пен сүйіспеншілік көзі» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинарды патронаж мейірбикесі Қуандық Перизат жүргізіп, жүктілік кезінде денсаулыққа дұрыс күтім жасау, ана сүтінің пайдасы, дұрыс емізу тәсілдері және отбасының қолдауының маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Ана сүті – нәресте үшін ең құнды әрі табиғи тағам. Ол баланың иммунитетін күшейтіп, денсаулығының мықты болуына ықпал етеді. Сондықтан әрбір ана мен отбасының ана сүтімен қоректендіруді қолдауы – дені сау ұрпақ тәрбиелеудің маңызды негізі.
03 тамыз 2026 ж., 14:31 5
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам